Астанада Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері тонаушыны ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚРҰлттық гвардиясының әскери қызметкерлері елорда көшелерін патрульдеу кезінде студент қызды тонаған ер адамды ұстады.
None
None

28 мамыр кешінде белгісіз ер адам аграрлық университеттің ауданында 20 жастағы бойжеткеннің сөмкесін алып, қаша жөнелді. Сөмкеде жеке мүліктен басқа, оның ұялы телефоны мен ақшасы болған. Ұсталған ер адам ешқайда жұмыс істемейтін Ақмола облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аталған фактімен «тонау» бабы бойынша сот алдындағы тергеу басталды. Ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қызметтік міндеттерін адал атқару, қылмысты ашу кезіндегі сауатты әрі жедел әрекеттері үшін Астана қалалық ІІД бастығы, полцияның генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің бұйрығымен ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері - ефрейтор Бостан Әбдірыхман бағалы сыйлықпен (қолсағат), қатардағы жауынгерлер - Ырасыл Мутали мен Жұмабек Манапов - грамоталармен, ал капитан Бағдат Шоманов - Астана қалалық ІІД бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар