Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мұрасы талқылануда

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Астанада патриоттық тәрбие берудегі ардагерлердің рөлі және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мұрасы осы аттас ғылыми-практикалық конференцияда талқылануда.
None
None

«Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық акциясы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жеңіс мұрасы: Патриоттық тәрбие берудегі және өскелең ұрпақтың азаматтық қалыптасуындағы ардагерлердің рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілуде.

Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жас Қыран» республикалық әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығы ұйымдастырды. Кон­ференцияның негізгі мақ­са­ты - жастардың елдің қоғамдық, сая­си, экономикалық және мәдени өміріне қатысу белсен­ді­лігін арттыруға, олардың бойында патриотизм мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ық­пал етуді көздейді. Оның жұмы­сына 30-дан астам Ұлы Отан соғысының ардагері, жас ғалымдар, аспирант із­денушілер, студенттер, әскери-патриоттық ұйымдар басшылары қатысуда.

«Жас Қыран» Республикалық әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығының төрағасы Жақсыбай Боранбаевтың айтуынша,  конференция жастардың Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи білімі мен мағлұматын кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған.

«Ғылыми-тәжірибелік конференцияда Ұлттық рәміз­дерді құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік тілдің қол­дану аясын кеңейту жайында әңгіме болады. Дамыған елу елдің қатарына енуді мақсат еткен Қазақстанның бола­шағы жастардың қолында, ол үшін білімді де білікті болуға ұмтылу қажет, ұлттық құнды­лықтарымызды қастерлей білу керек», - деді ол.

Конференция барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сертификаттар мен сыйлықтар тапсырылмақ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум