Астанада Ұлыстың ұлы күнін тойлауға 300 млн. теңге қарастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Наурыз мерекесін атап өтуге жалпы 300 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанынадағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәдім етті.
None
None

«Наурыз мейрамының халқымыз үшін мән-маңызы өте зор. Сондықтан да осы атаулы мейрамға қанша қаржы жұмсалса да, оның барлығы мақсатты түрде игерілуде, яғни, қаржы шығыстары Наурыздың мәртебесін жыл сайын арттыруға негізделген»,-деді Б. Мажағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, елордада барлық қаржы көздерінен мейрам қарсаңындағы безендіру шараларына 175 миллион теңге жұмсалса, ал мерекелік шараларға 150 миллион теңге бағытталды.

Соңғы жаңалықтар