Астанада ұрыларды тоқтатпақ болған ер адам қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік есігіне ілініп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері елорданың шет аймағынан бірқатар қылмыс жасаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлады Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінен.
None
None

«Түс кезінде Астананың шет жағында әріптесім екеуіміз автокөлікпен өтіп бара жатып, жолда қатты жылдамдықпен келе жатқан шетелдік маркалы көліктің есігіне ілініп қалған ер адамды байқап қалдық», - деді елордадағы ЕЦ-166/22 колониясының қызметкері, әділет капитаны Дәулен Мейрамбеков.

«Көп ұзамай машинаның есігіне ілініп қалған ер адам жолға құлап түсті, ал шетелдік маркалы көліктің салонынан (кейіннен анықталғандай, жапа шегушінің сөзіне қарағанда, оған үш ер адам шабуыл жасап, 1,5 млн. теңге салынған сөмкесін алып қойған) белгісіз біреу шағын сөмкені лақтырып жіберген. Біз жедел оқиға орнына бет алдық. Офицерлерді байқап қалған көлік салонындағы белгісіз біреулер іздерін жасырмақ болды, алайда ҚАЖ қызметкерлері қуып жетіп, жолды бөгеді. Оларға самбо тәсілдерін қолдануға тура келді.

Шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атап өтетіні, ұсталғандар бірнеше қылмысқа қатысы бар деп күдіктелуде», - деді Д. Мейрамбеков.

Соңғы жаңалықтар