Астанада ушудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде 2–4 желтоқсан аралығында ересектер арасындағы ушудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Астанада ушу чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

Чемпионат 2 желтоқсан күні ресми түрде ашылды. 

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрмұханбетов Аманбай Шағылбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті, Қазақстан Ушу және Кунгфу федерациясының президенті Гаджиев Гаджи Шапиевич, сондай-ақ Қытайдан келген ушу бойынша халықаралық санаттағы төреші, профессор SUN AIPING қатысты.

Астанада ушу чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

Жарысқа өңірлердің ең мықты спортшылары жиналып, таолу және саньда бағдарламалары бойынша жоғары дайындығын көрсетіп жатыр.

УШУ-ТАОЛУ (спорттық ушу түрлері) келесі санаттар бойынша өткізіледі:

А тобы: еркін (өздігімен құрастырылған) кешендер:

  • чанцюань, даошу, гүншу, цзяньшу, цяншу

  • наньцюань, наньгунь, наньдао

  • тайцзицюань, тайцзицзянь

  • дуйлянь

  • қарумен дуйлянь

Бұл кіші топта спортшы келесі номинациялар бойынша өнер көрсете алады:

жалаң қол және жалпақ жүзді қару немесе жалаң қол және қысқа қару (марапаттау қос сайыс бойынша жүргізіледі), сондай-ақ дуйлянь түрінде – спортшының таңдауы бойынша (қарумен немесе қарусыз).

Астанада ушу чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

В тобы: 24 форма, 32 форма (тайцзи)

  • тайцзицюань

  • тайцзицзянь

Бұл кіші топта спортшы қос сайыс бойынша (жалаң қол және қысқа қару) марапатталады.

Астанада ушу чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

С тобы: 42 форма, 42 форма (тайцзи)

  • тайцзицюань

  • тайцзицзянь

Бұл кіші топта спортшы қос сайыс бойынша (жалаң қол және қысқа қару) марапатталады.

Астанада ушу чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

УШУ САНЬДА (еркін жекпе-жек)

Ушу Саньда бойынша жарыстардың бағдарламасына келесі салмақ дәрежелері кіреді:

Ерлер:
48 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 85 кг, 90 кг, 100 кг, 100+

Әйелдер:
48 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг

Астанада ушу чемпионаты өтіп жатыр
Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

Ушу саньда заманауи жекпе-жек өнерінің элементтерін және ушу дәстүрлі стильдері мен үрдістерін, қытайлық шуайцзяо күресінің элементтерін қамтитын қорғаныс құралдарындағы спорттық жекпе-жектерден тұратын спорт түрі.

Соңғы жаңалықтар