Астанада үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйелдің жағдайы аса ауыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы күйеуінің шабуылы салдарынан зардап шеккен әйел өте ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы №1 қалалық аурухананың комбустиология бөлімінің меңгерушісі Павел Кутняков мәлім етті.
None
None

«Науқастың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жәбірленуші денесінің 70 пайызы күйген», - деп хабарлады Павел Кутняков.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін шамамен таңғы сағат 9-да Ы.Алтынсарин көшесіндегі тұрғын үйдің қасында болған ер адам әйелдің үстіне бензин құйып, оны өртеп жіберген. Беті, мойыны, кеудесі мен арқасын термиялық күйіктер шалған зардап шегуші бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Күдікті ер азаматтың есімі анықталды, ол 43 жастағы ер адам, жәбірленушінің бұрынғы күйеуі болып шықты. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары күдіктіні іздеу және қамауға алу шараларын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар