Астанада үй қызметшісі жұмыс берушілерінен құны 40 мың долларды құрайтын мүлікті жымқырған

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат – Елордалық тәртіп сақшылары үй қызметшілері мен бала бағушылардың жеке мүлікті ұрлау оқиғаларын әшкереледі,

Астанада үй қызметшісі жұмыс берушілерінен құны 40 мың  долларды құрайтын мүлікті жымқырған
деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.Астана қалалық ІІД Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері 32 жастағы М. есімді азаматшаны құрықтады. Ол өзінің күйеуімен және баласымен жұмыс берушілерінің үйінде екі жыл бойы тұрып келген. Әйелдің жолдасы да үй ішіндегі шаруаларды атқарып жүрген. Жапа шеккендердің айтуларынша, олар заттардың жоғала бастағанын аңғарған, бірақ табылар деген сеніммен аса мән бермеген. Үйден ақша жоғалған кезде күдік үй қызметшісі мен оның отбасына түседі. Кейін тәртіп сақшылары анықтағандай, әйел 2 жыл бойы өз қожайындарының жеке заттарын ұрлап келген. Олардың дені - зергерлік бұйымдар мен ақша. Үй қызметшісі жұмыс берушілеріне жалпы 40 мың АҚШ доллары көлемінде залал келтірген.Бүгінгі таңда үй қызметшісіне қатысты ҚР ҚК 175 бабы 4 бөлігі «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.