Астанада үйіне 16 жыл бойы құжат алмаған адамдар бар

«Елордада 200-ден астам үй орналасқан „Нұрбесік“ шағынауданы (Көктал 1 елді мекені) бар. Мұнда мыңнан астам адам өмір сүреді. Бұл шағынауданда қала тұрғындары 2007 жылдан бері тұрып жатқанымен 16 жылдан бері үйлеріне құқық белгілейтін құжаттары болмаған. Сол себепті олар өз үйіне тіркеле алмаған. Осылайша емханаға тіркелуіне, балаларын балабақшаға, мектепке беруіне мүмкіндігі болмады. Олар достары мен туыстарының үйлеріне тіркелуге мәжбүр болды», — дейді ол.
Әкімнің айтуынша, «Нұрбесік» шағынауданының тұрғындары жер учаскесін заңдастыру мәселесін бірнеше рет көтерген.

Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып, техникалық мәселенің бәрі шешілді.
Қазіргі уақытта тұрғындарға құқық белгілейтін құжаттарды беру рәсімі жүріп жатыр.
Енді оларды ресми түрде елорда тұрғыны деп айтуға болады және 16 жылдан кейін тіркеле алады.
«Шағынауданды абаттандырумен де айналысып жатырмыз: сумен жабдықтау, су бұру, нөсер кәрізі, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау секілді инженерлік желілердің құрылысы бойынша жұмыс аяқталды. Сол сияқты көшелерге асфальт төселді, жарықтандыру бағаналары, 3 аялдама, интернет орнатылды, т. б. Біз қаланың елді мекендерін дамытуды ары қарай жалғастырамыз», — деп жазды Жеңіс Қасымбек.