Астанада үздік автомектеп анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Апталық жол қауіпсіздігі» республикалық акциясы барысында «Отан» КТОО мемлекеттік білім мекемесінің автомектеп базасында «Үздік автомектеп» конкурсы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жарты айлық қызыл қоғамы» филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, ЖЖЕ білу бойынша елордадағы автомектептердің курсанттары арасында ЖКО кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, автомобильді мәнерлеп жүргізу, ЖЖЕ білу бойынша «Үздік автомектеп» конкурсын өткізді.
Автомектеп курсанттары арасындағы өткізілген «Үздік автомектеп» конкурсының қорытындысы бойынша, «Отан» кәсіби техникалық оқу орталығы» мемлекеттік білім мекемесі бірінші орынды иеленді.
Аталмыш білім мекемесінің курсанттары әртүрлі жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша яғни «бас жарақаты», «ессіз көлікке отыру», «көліктен түскеннен кейін ес жоғалту», «маңдайға заттың тиюі», «қолын сындыру» бойынша өз біліктіліктерін айқын көрсете білді.
Конкурсқа қатысушылар Астана қалалық ІІД ЖПҚ басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.