Астанада үздік туристік бағдар таңдалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада үздік туристік бағдар таңдалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Әсет Мұқажанов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен» халықаралық көрмені өткізуге отандық бизнесті тарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін «Елорданың үздік туристік бағдары» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар тапсыру өткізіледі.

Байқаудың мақсаты - халықаралық көрме меймандары үшін үздік туристік бағдарды анықтау. Бұл тұрғыда осы бағдарлар сапа мен бағаның барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Байқау жеңімпаздары «ЭКСПО-2017» көрмесі кезіндегі ұсынылатын турлардың базасына енгізілетін болады. Сонымен қатар олар халықаралық мамандандырылған көрмені даярлау кезінде туристерді тарту үдерісіне де қатысады.

Айта кетейік, аталған көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту шаралары да жалғасуда. Осы аптада ЭКСПО-2017 Комисары Рәпіл Жошыбаевтың шетелдерге сапары жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар