Астанада видеороликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада видеороликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: gov.kz

Астанада ұлттық құндылықтарды насихаттауға және экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған видеороликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шара Республика күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

«Бүгін елорданың 25 жылдығы мен Республика күні мерекесіне орайластырылған байқау жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқаудың мақсаты – деструктивті идеологияларға қарсы иммунитетті қалыптастыру және шығармашылық пен идеялар арқылы халықтың діни сауаттылығын арттыру. Қатысушылар түрлі діни тақырыпта өз жұмысын ұсынды. Жүлделі орындардың иегерлері қазылар алқасының шешімімен олардың конкурс тақырыбына сәйкестігін және ұзақтығы кемінде 30 секундты ескере отырып анықталды», – деді «Діндерді зерттеу орталығының» директоры Алмас Ерназаров.

Марапаттау рәсімі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлде иелері төмендегідей:

1-орын: Диас Балмағамбетов, 1 000 000 теңге сомасына сертификат иегері атанды;
2-орын: Нұралы Естаев, 500 000 теңге сомасына сертификат;
3-орын: Ілияс Баймолдин, 250 000 теңге сомасына сертификат алды.

Сонымен қатар 2 қатысушы 10 000 теңге көлемінде жұбаныш ретінде ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар