Астанада заманауи хайуанаттар бағы салынады

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада жануарлар, құстар мен жәндіктерді көбейту мен ұстаудың заманауи әдістері бар хайуанаттар бағы салынатын болады.
None
None

Жоба Астананың Бас жоспарында қарастырылған, деп хабарлады әкім Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогында.

Қала басшысы құрылыстың мерзімін нақтыламады. Қазіргі уақытта қалада Астаналық парктің аумағында орналасқан жалғыз экзотариум-хайуанаттар бағы жұмыс істейді. Бірақ анықталғандай, ол қалалық саябақты қайта жөндеуден өткізудің жобасына енгізілмеген.

«Жобаға сәйкес, экзотариум-хайуанаттар бағы аумағында су бұрқақтардың дыбысты шоуын тамашалауға арналған көрермендер мінберін салу қарастырылады. Жәндіктер мен жануарларға шу мен вибрацияның көздеріне тым жақын орналасу жайсыз болады», - деп жазды елорда мэрі.

Соңғы жаңалықтар