Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды
АСТАНA. KAZINFORM – Астана прокуратурасы елордада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс нысанын анықтады.

Мәлім болғандай, заңсыз үй салып жатқан жекеменшік компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып келген.
«Осы негіздер бойынша ағымдағы жылы аталған бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген прокуратураның хабарламасында.
12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:
1) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
3) ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.
Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру).
Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз.
Ол үшін сілтемені басу арқылы салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізімімен, сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысуға болады.
Егер Cіз заңды белден басқан құрылыс компаниясына тап болсаңыз 71-24-87 нөміріне қоңырау шалыңыз.