Астанада заңсыз қоқыс орындары анықталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада абаттандыру ережелерін бұзудың бірнеше фактісі анықталды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

«Күн сайын Астанада 1000 тоннадан астам қоқыс жиналады. Елорданы абаттандыру ережелеріне сәйкес ол көму үшін заңды полигонға шығарылады. Қалада арнайы құрылған жұмыс топтары тазалықтың сақталуын бақылайды. Бүгін қала аумағын тексеру аясында абаттандыру ережелерін бұзудың бірнеше фактісі анықталды», делінген хабарламада.

Жұмыс тобының өкілдері «Құлагер» ЖШС құрылыс объектісі аумағында көмілген қалдықтарды тапты. «Есіл» аудандық табиғат қорғау полициясының инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, «Құлагер» ЖШС басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы хаттама берді.
Экология департаменті ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес, компания басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдайды.

Сонымен қатар, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін «Арман құрылыс» ЖШС 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі керек. Жұмыс тобының өкілдері жұмыстар жүргізіліп жатқан аумақтардың қоршалмағанын, бірақ белгілер қойылып, ленталар тартылғанын, құрылыс қалдықтары уақытылы шығарылмайтындықтан қоқыс орындары пайда болғанын анықтады.

Елорданы абаттандыру ережелерін сақтау бойынша рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. 18 сәуір мен 18 мамыр аралығында өткен экологиялық айлық барысында заңсыз қоқыс орындарынан 10 мыңнан астам қоқыс шығарылды.

Еске салайық, өткен аппарат отырысында қала әкімі қалалық қызметтерге екі аптаның ішінде құрылыс және тұрмыстық қоқыс тастау орындарын тазалап, елорданы абаттандыру мен санитарлық нормаларды бұзуды жоюды тапсырған болатын.

null null null  

Соңғы жаңалықтар