Астанада заңсыз тұрып жатқан 1 мыңға жуық шетелдік ұсталды

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордада «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 969 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Астанада заңсыз тұрып жатқан 1 мыңға жуық шетелдік ұсталды

Ведомствоның хабарлауынша, 18 адам сот шешімімен, соның ішінде 4 шетелдік азаматтық сот ісінің тәртібі бойынша елден аластатылды. Әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін 79 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды. Операция барысында тұлғасын анықтау үшін ІІД қабылдағыш-таратқышына 159 шетелдік жеткізілді, елімізде жүруге негіз болмағандықтан 478 шетелдіктің уақытша келу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын қасақана бұзғаны үшін шетел азаматтарына қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды.

«Нелегал-2013» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында елордалық полицейлер шетел азаматтары келетін және тұратын орындарда, атап айтқанда, базарлар, құрылыс орындары, автотұрақтар, тұрғын үй және саяжай алаптары, жатақханаларда рейдтік жұмыстар жүргізілді. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау мақсатында халыққа қызмет көрсету және тамақтану орындары, мейрамханалар, дәмханалар, көлік жуу мен ТҚС, көкөніс павильондары, қонақүйлер тексерілді

Аталған іс-шара нәтижесінде полиция қызметкерлері 1909 нысан, соның ішінде 88 базар мен сауда орындары, 737 пәтер мен жеке меншікті үйлер, 123 саяжай учаскесі, 99 жатақхана, 404 құрылыс алаңы мен 458 шетелдіктер келетін басқа да орындар тексерілді.