Астанада Ж. Тәшеновтің 100 жылдығы аталып өтті (ФОТО)

Шара барысында ұйымдастырушылар белгілі мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің өмірі мен қызметі туралы кітаптың көрмесін өткізді. Жиынға қайраткердің қызметін зерттеушілер, танымал біртауар тұлғаның жақындары, туыстары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Жұмабек Тәшенов кезінде Кеңес одағын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Н. Хрущевтың «бөліп ал да, билей бер» деген әпербақан саясатына қарсы тұрып, бабаларымыз аманат етіп кеткен қазақтың қасиетті жерін қорғап қалған ұлт қайраткерінің бірегейі. Ол сол кездегі партиялық-репрессиялық саясатқа білімі мен біліктілігін, ұлттық намысы мен парасаттылығын қарсы қоя білген тұлға.
Бұдан бөлек, Жұмабек Ташенов Қазақ ССР министрлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет етті. 1960 жылдың соңына таман Тың өлкесі ретінде Қазақстанның солтүстіктегі бес облысын біріктіріп, оны Қазақстан құрамынан шығару туралы пікірге ашық қарсы шықты. Халық алдындағы ерекше еңбегі үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен де марапатталған.