Астанада жаңа кәріз тазарту құрылысы салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында салынып жатқан кәріз тазарту құрылысы жайлы жазды. 

Астанада жаңа кәріз тазарту құрылысы салынып жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Қазіргі уақытта шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тәулігіне 254 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазарту құрылысында (№ 1 КТҚ) тазартылады.

— Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны шамамен 2 млн 275 мың адамға жетеді. Бұл шаруашылық-тұрмыстық ағынды судың едәуір артуына және қосымша тазарту құрылыстарын салу қажеттігіне алып келеді.

Осыны ескере отырып, қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын (№ 2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды. № 2 КТҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 188 мың м³ болады. Қала үшін маңызды бұл нысанды 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр, — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Айта кетелік Астанада жасөспірімдер дендропарк аумағында зерттеу жүргізді

Соңғы жаңалықтар