Астанада жаңадан құрылған «Нұра» ауданының шекарасы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жаңадан құрылған «Нұра» ауданының шекарасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
None


19 336 га құрайтын «Нұра» ауданының шекарасы келесідей белгіленді:

Есіл өзені бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағы және Қарқаралы тасжолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін.
Еске салайық, жаңа ауданға «Нұра» атауын беру ұсынысы Астана қаласы ономастика комиссиясының отырысында, Астана қаласы мәслихатының қоғамдық тыңдауларында, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында және өзге де инстанцияларда қаралып, қолдау тапқан болатын.
«Аудан әкімі, аудан әкімдігі қызметкерлерінің штат саны, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа да ұйымдастыру жұмыстары қала мәслихатының жаңа құрамы құрылғаннан кейін айқындалатын болады. Яғни, қазіргі уақытта қалада төрт аудан бар, бесіншісі құрылуда», - делінген әкімдік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар