17:21, 14 Мамыр 2019 | GMT +5
Астанада жаңбыр жауып, арты қарға ұласады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең елордада жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің хабарлауынша, 15 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +10...+12°С.
«16 мамырда елордада жауын жаумайды, күн бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +13...+15°С.
17 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 5-10 м/с. Сынап бағанасы түнде +1...+3°С, күндіз +19...+21°С болады», делінген «Қазгидромет хабарламасында.