Астанада және 16 облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — 10 қарашада Астана мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.
Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, кей уақыттарда жауын-шашын мол түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 18-23 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.
Алматыда күннің екінші жартысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мол жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз шығысы мен оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағандыда кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады.
Ұлытау облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында кей уақыттарда жауын-шашын жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жезқазғанда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Күндіз кей уақыттарда жауын-шашынды болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түркістанда кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шымкентте түнде және таңертең кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр. Таулы аймақтарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Түнде облыстың шығысында жауын-шашын мол түседі. Шығысы мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақыттарда тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Күндіз бұл аудандарда кей уақыттарда жауын-шашын көбірек түсіп, көктайғақ сақталады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-18 м/с болады.Павлодарда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай ойнайды. Таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда кей уақыттарда жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Өскеменде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Абай облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жауын-шашын түседі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.