Астанада жаппай төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада жаппай төбелескен жастардың видеосы тарады. Instagram желісінде тараған видеодан бір топ жастың төбелесіп жатқанын байқауға болады, олардың арасында қыздар да бар.

төбелес
Фото: Видеодан алынған кадр

Жазба авторының айтуынша, жаппай төбелес 25 маусымда болған және жанжал екі бойжеткеннің арасында туындаған.

Болған оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаментінен түсініктеме беруді сұраған едік.

«Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қатысы бар адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы өткізіліп жатыр», - деген жауап алдық.

Соңғы жаңалықтар