15:34, 25 Маусым 2025 | GMT +5
Астанада бірнеше көлік соқтығысып қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада бірнеше көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар.

Автокөліктер Керей-Жәнібек көшесінде соқтығысқан. Зардап шеккен жандардың айтуынша, жол апатына кінәлі адамның жүргізуші куәлігі болмаған.
Kazinform агенттігі аталған жайтқа қатысты Полиция департаментіне жүгініп, ресми мәлімет сұратты.
Еске салайық, елордада жолаушылар автобусы апатынан жеткіншек қыз екі аяғынан айырылған еді.
Сондай-ақ Астана-Павлодар автожолында жол апатынан 5 адам зардап шекті.
Одан бөлек, бірнеше күн бұрын Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.