Астанада «Жарқын болашақ» III республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасы өтіп жатыр

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада «Жарқын болашақ» III республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасы өтіп жатыр.
None
None

ҚР Мемлекеттік тілі - қазақ тілі - ұлы даланы мекен еткен байырғы қазақ халқы мен басқа да қазақстандық ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын тоғыстырған, теңдік пен татулықты ұстана отырып, бейбіт қоғамды қалыптастыруға септігін тигізіп отырған бірден-бір рәміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біздің, бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор - меклекеттік тіл. Қазақ халқының туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деп, мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Онымен бірге, биыл еліміз үшін ерекше атаулы жыл, ол - Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы. Осыған орай, KATEV Халықаралық қоғамдық қоры жалпы орта білім беретін мектептердіңқазақ және өзге ұлт топтарында оқитын 7-11-сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» III республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасын ұйымдастырып отыр.

Олимпиаданың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Биыл үшінші рет өткізіліп отырған «Жарқын болашақ» олимпиадасының ақтық бәсекесі Астана қаласында өткізілуде. Оқушылардың талаптары алты бағыт бойынша бағалануда - қазақ тіл білімі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, ән айту, сахналық қойылым, ғылыми жоба және жазбаша шығармашылық жұмыс. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр бағыт бойынша анықталып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал 1-орын иегерлеріне Сүлеймен Демирел университетінің гранттары табыс етілетін болады.

Соңғы жаңалықтар