Астанада жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты
«Жедел-іздестурі шараларын өткізу кезінде экстремизмге қарсы іс-қимыл және «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ-ның учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп, Ақмола облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық сараптама қорытындысы азаматтың орташа деңгейде мас болғанын анықтады. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Астана ІІД-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Мадияр Айтуғановтың айтуынша, террорлық акті туралы жалған хабарлама тараған жағдайда тұрғындар арасында үрей туындап, адамдардың айтарлықтай бөлігі жарылғыш затты іздеумен айналысады, барлық шұғыл қызметтер жұмылдырылады.
ҚР ҚК-інің 273-бабына сәйкес, террорлық акті дайындалып жатқаны туралы қасақана жалған ақпарат таратушы алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ҚК-інің 273-бабында көзделген «Террорлық акт туралы қасақана жалған ақпарат тарату» бойынша 5 қылмыстық дерек тіркеліп, көп ұзамай анықталған іске жауаптыларға түрлі деңгейдегі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.