Астанада жарылыс салдарынан қойма мен жатақхана қирады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де Астанадағы Ақжол көшесінде қоймаға жалғаса салынған ағаштан соғылған жай өртеніп, жалын ашық жерде орналасқан сыйымдылығы 5 текше метр газ толтыратын резервуарды шарпыған.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт аумағы 40 метрді құрады. Тілсіз жау 21:06-да ауыздықталып, 21:30-да толықтай сөндірілді.

Жарылыс салдарынан 60 шаршы метрді алып жатқан қойма қирады, жақын орналасқан төрт қабатты жатақхананың терезелері сынған. Жергілікті атқарушы органның күшімен жатақхана тұрғындарын орналастыру үшін екі автобус оқиға орнына жіберілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Апат орнына Астана ТЖД-нің 35 адамы мен 7 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар