Астанада «Жас құтқарушы-саяхатшылар» үйірмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда Астана қаласының «Жас саяхатшылар стансасының» құрамына енген «Жас құтқарушы-саяхатшылар» үйірмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.
None
None

Стансада таудағы саяхат, жаяу саяхат, құзға өрмелеу, бағдарлау, судағы саяхат, альпинизм және саяхаттың басқа да түрлері бойынша 16 бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді. Жалпы мұнда 700-ден астам оқушы мен студент саяхат жасау негіздерін меңгеруде. Қазіргі кезде стансаның көптеген түлектері құтқару қызметі жүйесінде қызмет етіп жүр. Мұнда жас саяхатшыларға саяхаттың белсенді түрлерімен байланысты мамандықтар бойынша кадрлар дайындауға бағытталған кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. «Жас құтқарушы-саяхатшылар» үйірмесінде өткізілетін сабақтарда оқушыларға тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа да дағдылар үйретіледі. Сондай-ақ мектепте республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын жас құтқарушылар дайындалады.

Соңғы жаңалықтар