Астанада жас жігіттерден ірі көлемде есірткі тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы айлық өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

полиция
Фото: Polisia.kz

Қалалық полицейлер ірі көлемде есірткі жасырып кетіп жүрген екі жігітті ұстады.

Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында күдіктілердің әрекеті жедел басқару орталығы операторлары арқылы тіркелген. Олар гараж маңындағы бұталардың арасынан бір нәрсе іздеп, кейін «Cobalt» көлігіне отырып кетпек болған.

- Патрульдік экипаж дереу тоқтатқан көліктен 22 және 23 жастағы екі жігіт шықты. Жеке тексеріс кезінде бірінің қалтасынан 47 орам ақ түсті ұнтақ (мефедрон) және бір орам марихуана табылды. Ол өзіне жасырып кеткенді іздеп жүріп, одан да ірі есірткі партиясына тауып алғанын мойындады, - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар