Астанада жасөспірімдер арасында футболдан чемпионат басталды

СТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық чемпионат басталды. Жарыс Қ.Мұңайтпасов атындағы алаңда, Бірінші лиганың жасөспірімдер командаларының арасында өтуде, деп хабарлайды astana.kz.
None
None

Футбол біріншілігіне Қазақстанның 4 қаласының командалары: Астана қаласының «Бәйтерек» ФК, Алматы қаласының «ЦСКА» ФК, Теміртау қаласының «Болат-АМТ» ФК және Екібастұз қаласының «Екібастұз» ФК қатысуда. Чемпионатқа барлығы 80-ге жуық ойыншы қатысады. Жарыс аясындағы келесі ойындар 5 және 7 тамыз күндері сағат 10.00-де өтеді, оның жеңімпаздары республика чемпионы атағына таласады. Атап өтейік, енді футбол жанкүйерлері барлық жаңалықтарды ұялы телефоннан біліп отыра алады. Қазақстан футбол федерациясы жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Оны Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады. Қосымша көмегімен Қазақстандық жанкүйерлер футбол жаңалықтарын оқып, Қазақстанның барлық құрамаларының құрамымен танысып, нәтижелерді қарап, іріктеу турнирінің кестесімен танысып, теледидардағы трансляциялар мен турға шолуларды көруге болады.

Соңғы жаңалықтар