Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қорытындысы бойынша Астанада ел бойынша жұмыссыздықтың ең төмен көрсеткіші тіркелген - 4,6 пайыз. 
None
None

Бұл жалпы республикалық деңгейден 0,4 пайызға төмен. Ал  2015 жылы бұл көрсеткіш 4,7 пайызды құраған болатын, деп хабарлайды astana.kz . 

Астана қаласының статистика департаментінің деректеріне сәйкес, жастар арасындағы жұмыссыздық - 4,8 пайыз, 2015 жылы оның деңгейі 5,8 пайыз еді. 2016 жылы әйелдер арасындағы жұмыссыздық 4,9 пайыз болды (2015 жылы - 5,3 пайыз).

Жалпы жыл басынан бері Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға көмек сұраған 3 950 адам жүгінген. Олардың 57 пайызы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, 1 351 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 233 түлек жастар практикасына және 84 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 889 адам қатысуда. Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында 1 060 жұмыс беруші және 2 974 бос жұмыс орны тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар