Астанада жазғы кафеден өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада дәмхана өртеніп жатыр. 

өрт
Фото: видеодан скрин

Дәл осы сәтте Астана қаласының өрт сөндірушілері Алматы ауданында тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

Б.Момышұлы даңғылы бойында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмханадан өрт шыққан.

Төтенше жағдай департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған. 

«Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Сағат 16:14 кезінде өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 15 адам мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.

Сағат 16:32 шамасында өрт сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрттің себептері анықталып жатыр.  

Соңғы жаңалықтар