Астанада жемқорлық деңгейі азайды - Алик Шпекбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының тиімді жүргізілуінің нәтижесінде жемқорлық деңгейі айтарлықтай азайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгін алдарыңызда Астана - адалдық алаңы» жобасының аясында «Open space» озық технологиясы таныстырылуда. Бұл жаңашылдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың барлық талаптарына сәйкес келеді. Яғни қызмет алушымен жасалатын диалог барынша ашық болады. Біздің агенттік пен қала әкімдігінің бірлесіп жүргізген аталған тиімді жобаның арқасында Астанада жемқорлық дейгейі айтарлықтай азайды», - деді А.Шпекбаев жиналыс барысында.

Ұлттық бюро басшысы жемқорлықтың алдын алу мен халықпен ашық жұмыс жасауда елорда әкімдіктерінің әлеуметтік желі парақшаларының белсенді жұмыс істейтінін айта келе, ол өз кезегінде халыққа жақын болудың және тұрғындармен тікелей жұмыс істеудің бірден-бір құралы екенін айтты.
null 

Жиналыс барысында мемлекеттік органдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, олардың қызметінің ашықтығы, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу саласында «Астана- адалдық алаңы» жобасының аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері ұсынылды.

Жоба жұмысының тиімділігі ретінде Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінде құрылған фронт-кеңсе жұмысы таныстырылды. Open space деп аталатын кеңседе 177 түрлі ситуациялық мәселелер бойынша, 12 оператор жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы қазан айында пилоттық режімде қосылған фронт-кеңсеге осы уақыт аралығында 7 мыңнан астам адам түрлі сұрақтар бойынша 365-тен астам өтініш қалдырған. Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бастап мектеп, балабақша және  ауруханаларға қатысты мәселелер де бар.
null 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында Астана қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Астана -адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат- тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты кең ауқымды қоғамдық бақылауда қамтамасыз ету.

null null null 

Соңғы жаңалықтар