Астанада жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды
Қазір қалада адам саудасы, жеңгетайлық, притондарды ұстау фактілері мен ақылы интимді қызмет көрсетумен айналысатындарды анықтау және жолын кесу, сонымен қатар есепке қою мақсатында «Стоп-Трафик» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері вокзал маңындағы үйлер мен көшелер, сауналар, көңіл көтеру орындары мен қонақ үйлер маңын тексерді.
Жедел алдын алу шарасы барысында 36 тұлға, соның ішінде 3 «жеңгетай», 30 ақылы интимді қызмет көрсетумен айналысушы, 3 притонды ұстағандар анықталып, арнайы есепке қойылды. Қабылдап-тарату орнына Өзбекстан азаматшасы жеткізілді, ҚР ӘҚБтК-ның 450 бабы бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылған.
Мәселен, «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы кезінде Астана қаласы ІІД ҰҚКБ қызметкерлері саунаның клиентімен 19 жастағы қызды ақылы интимді қызмет көрсету үшін жолықтырып, жеңгетайлық жасағаны үшін сегіз мың теңге сомасында ақшалай сыйақы алған 20 жастағы сауна әкімшісін ұстады.
Оған қоса, жеті мың теңге ақшалай сыйақы алып, саунаның клиентімен ақылы интимді қызмет көрсету үшін 23 жастағы қызды жолықтырған 24 жастағы сауна әкімшісі құрықталды.
Қалалық ІІД-ге жеткізілгендер есепке алу бойынша тексеріліп, саусақ іздері алынып, олармен профилакикалық әңгіме жүргізілді.