Астанада жер үйлерге ыстан қорғайтын құрылғы орнатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының жеке секторындағы үйлерге ыс пен түтіннен қорғайтын құрылғы орнатыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Джентельмендер клубындағы Арман Қашқынбеков пен Санжардың демеушілік көмегімен көпбалалы отбасылардың, аудандағы жеке секторда тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйіне ыс пен түтіннен қорғайтын құрылғы орнатыла бастады. ТЖ, ЖПҚ аудандық басқармалары мен еріктілерден құралған, жеке сектордың үйлерін аралап шығатын мобильді топтар құрылды», - деп жазады Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бибгүл Әбіддин Фейсбук парақшасында.

Оның айтуынша, топтың құрамындағы мамандар үйге орнатылған пештердің қауіпсіздігін тексеріп, түтін шығатын мұржасын тазартып беріп жүр.

«Ниет білдірген жандардың бәрін мобильді топтардың құрамына кіруге шақырамыз. Төтенше жағдай бойынша қызметкерлермен бірге барлық үй иелерін тартып, өрт қауіпсіздігін тексеретін азаматтық мониторинг ұйымдастырылмақ», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар