Астанада «Жібек жолы - 2011» көліктік-логистикалық халықаралық алғашқы бизнес-форум өтіп жатыр

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Жібек жолы - 2011» көліктік-логистикалық халықаралық алғашқы бизнес-форум өтіп жатыр.
None
None

Аталған алқалы жиынға еліміздің мемлекеттік органдары, кедендік брокерлер, шетелдік көлік компаниялары, Орталық және Солтүстік Еуропаның, Балтық, Тынық мұхиты елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің көлік саласындағы мамандары қатысуда.

«Біз бүгінде көліктік жүйеден транслогистикалық бағытқа бетбұрыс жасадық. Бұл - өте маңызды. Елбасының қойған міндеттеріне сәйкес, 2016 жылға қарай Қазақстанның сауда-логистикалық іскерлік хабы ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Бұл өз кезегінде транслогистикалық қызмет көрсету деңгейінің айтарлықтай өсуіне жол ашады», - деді Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

Министр соңғы 10 жылда Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 6 есеге өскенін, сондай-ақ еліміздің өнімдері бүгінде әлемнің 100-ден астам мемлекеттеріне тасымалданатынын жеткізді.

«Қазақстан әлемдік экономикаға белсенді түрде ықпалдасып отыр. Атап айтқанда барлық бағыттар бойынша жұмыс жасалуда», - деп түйіндеді Ә. Исекешев.

Айта кетейік, форумға қатысушылар көлік және логистика саласындағы жаңа жобаларды жасау мен дамыту үшін жағдай жасауды, сондай-ақ бұл саладағы мақсат-міндеттердің басымдықтарын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар