16:18, 18 Наурыз 2026 | GMT +5
Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды
АСТАНА. KAZINFORM — Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 наурыз күні Сейфуллин көшесінде болған.
Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, аялдама № 10 емхана маңында орналасқан.
Оқиға кезінде автобус жүргізушісі аялдамаға жақындағанда көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама құрылымына соғылған.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды және қоғамдық көлік аялдамалары маңында барынша сақ болуды ескертті.
Бұған дейін Түркістан облысында әйел жүргізуші екі баланы қағып кеткенін жазған едік.