Астанада жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын оқшаулап, сағат 14:58–де толығымен сөндірген.
— Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Нақтыланған мәліметтер бойынша автобуста жолаушылар болмады. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында 2 техника, 10 адам жұмылдырылды, — деді Астана қаласы ТЖД Асқар Забикулин атындағы 6-МӨСБ бастығы Нұрсултан Ошақбаев.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады.
— Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз!, — деп ескертті ведомство.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодарда өртенген ғимараттан адамның мүрдесі табылды.