Астанада жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада сағат 13:00-дің шамасында Қабанбай батыр және Қонаев атындағы көшелердің қиылысында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды.
None
None

Қаладағы №12 бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус «Мазда» маркалы жеңіл автокөлігімен соқтығысты. Екі көлік те жолдан шығып кеткен, ал бүйірінен қатты соққы алған жеңіл автокөліктің сау жері қалмаған.

Оқиға кезінде «Мазда» көлігінің ішінде үш адам: жүргізушісі және екі жолаушы болған. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, «Мазда» көлігі бағдаршамның қызыл белгі көрсеткеніне қарамай, жол қиылысынан өтіп кетпекші болған.

Соңғы жаңалықтар