Астанада ЖОО студенттерінің арасында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанадағы ЖОО студенттерінің арасында «Тәуелсіздік - тұғырым» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді.
None
None

Жас ақындар мүшәйрасын Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Желтоқсан» оқиғасына 25 жыл толуынаорай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті қазақ тілі кафедрасы жанынан құрылған «Жас түлек» клубы ұйымдастырып отыр. Мүшәйра аталмыш уиверситетте 2011 жылдың 1 желтоқсаны күні, сағат 15.00-де өтеді.

Сайыс 2 кезеңнен тұрады. Жүректерінен жыр тербеген жас ақындар, алдымен Тәуелсіздік тақырыбына арнап өлең шығарады немесе азаттық жолында күрескен белгілі тұлғаларға өз арнауларын оқиды. Екіншісі кезеңде, қазақ ақындарының бірінің тәуелсіздік тақырыбына арналған өлеңін мәнерлеп оқуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар