Астанада Жұбаниязовтар отбасының көрмесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 27 қыркүйекте Елбасы кітапханасы ғимаратында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» атты көрмесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты .
None
None

Жұбаниязовтар - Алматы суретшілерінің арасындағы танымал отбасы. Алғаш рет әулеттің кәсіби шығармашылық іргесін - ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Наурызбайұлы Жұбаниязов (1947-2007) және оның жұбайы дәстүрлі қолданбалы өнер иесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Күлипа Есімқызы қалады.

Кез келген шығармашылықпен айналысатын әулеттің дәстүріне айналған мұра секілді Жұбаниязовтар отбасында да балалары ата-анасының өнердегі ісін жалғастыруда. Қызы Гүлнар Жұбаниязова - суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, өнертану магистрі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ал ұлы Нұрсұлтан Жұбаниязов - мүсінші әрі суретші, республикалық және шетелдік пластика өнері көрмесінің қатысушысы.

Бүгінгі күні Жұбаниязовтар отбасының авторлық жұмыстары Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінде, мемлекеттік және облыстық музейлерде, сондай-ақ жеке галереяларда сақтаулы. Көрмеге ұсынылған өнер туындылары республикалық және халықаралық (Ресей, Венгрия, Норвегия, Германия және т.б.) байқаулар мен көрмелерге қатысқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум