Астанада жұмыртқа, көкөніс пен жарманың бағасы төмендеді

Атап айтқанда, жұмыртқа 5,6%, көкөніс 5,3%, өсімдік майы 1,7%, жармалар 1,6%, күріш 0,9% арзандады.
Жармалардың ішінде, қарақұмықтың бағасы 2,6%, арпа 2,1%, бидай 0,8% кемісе, ұнтақ жармасы 1,7% қымбаттаған. Көкөністерге келсек, қырыққабат 18,1%, қияр 9,6%, қызанақ 8,9%, картоп 5,3%, қызылша 3,1%, пияз 1,8%, сәбіз 0,1% арзандады.
Бұдан басқа, шыныдан жасалған өнімдердің, ас ішетін құралдар мен үй керек-жарақтарының бағасы 2,6%, тұрмыстық тоқыма өнімдері 1,9%, фармацевтикалық өнім 0,5%, үй тұрмысында қолданылатын заттар, тұрмыстық техника мен үйлерді күту бойынша күнделікті қызмет 0,4%, дизель отыны 0,3% қымбаттаған.
«2013 жылы шілдеде ұн мен қанттың бағасы сәйкесінше, 0,8% және 0,3% көтерілген. Қонақ үй қызметтері 4,8%, демалыс, көңіл көтеру және мәдениет 0,1% қымбаттаса, пошта қызметтері 1,9% кеміген», - делінген ақпаратта.