13:56, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Астанада жұмыс орындары жәрмеңкесінде 500-ден астам бос орын ұсынылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 шілде күні елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды astana.kz.
Шара сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ш.Айманов, 6 (С.Сейфуллин көшесінің қиылысы) мекенжайындағы «Тұран-Профи» академиясының ғимаратында өткізіледі. Жәрмеңкеде 25 жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Мақсаты - жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады. Айта кетейік, Астана қаласында 2015 жылдың І жартыжылдығында 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, 2300 адам жұмысқа орналастырылды.