Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген жастар ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — 26 қыркүйек күні таңертең Астанадағы Журналистер аллеясында вандализм дерегі тіркелді. Тәртіп сақшылары екі жас жігітті анықтап, ұстады. 

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген жастар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астана полиция департаментінің мәліметінше, екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ оған іргелес аумақта орналасқан жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.

Полиция елорданың екі тұрғынын — 18 жастағы Денис Суранов пен бір кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Мұндай бірде-бір дерек құқықтық бағалаусыз қалмайды, ал кінәлілер заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, жыл басынан бері Астанада 94 адам вандализм үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлағанбыз.