Астанада жұртқа несие алдырып ақшаны иемденіп кететін алаяқ ұсталды

Полицияға Астана тұрғыны онша танымайтын ер адам 7 млн теңге ақшасын алдап иемденіп кеткені туралы арызданған. Сондай-ақ, танысы алдау арқылы 1 500 000 теңге ақшасын иеленгені туралы тағы бір тұрғын шағым түсірді.
Бойжеткен өз атына тауар несиесін ресімдеген. Тауарды ұсталған адамға беріп жіберген. Ол жәбірленушіні кредитті өзі жабатынына сендірген. Осындай өтінішпен 35 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, алаяқ оның сеніміне кіріп, алдау арқылы оның 300 000 теңгелік жеке мүлкін иеленген.
Әйелдерге ол өзін «Акрам» деп таныстырған. Бұл фактілер алаяқтық бабы бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді. Жедел іздеу шаралары барысында Есіл ауданы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 25 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады.
Қазір күдікті УҰИ-ға қамалды. Соталды тергеу жүріп жатыр. Полицейлер күдіктінің заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккендер болса, 8 (7172) 71-65-50, 8-701-701-19-05 телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.