Астанада жыл басынан бері 11 бала қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астанада балаларға қатысты 50 жазатайым оқиға тіркелді, олардың 11-і өліммен аяқталды, деп хабарлады ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының статдеректері.

Астанада жыл басынан бері 11 бала қайтыс болды

Көбіне ересектердің болмауы салдарынан балалар биіктен құлап кетіп жатады. Бүгінде баланың терезеден құлаған 10 фактісі тіркелді, олар терезе торының дұрыс бекітілмегенінен болуда. Нәтижесінде 2 бала көз жұмды.

«Мысалы, 9 шілдеде сағат 14-те балалар ауруханасына қабырға, омыртқа, бұғанасы әр түрлі дәрежеде сынып, миы шайқалған 6 жасар қыз бала жатқызылды. Ол үйінде ересек адамның қарауынсыз қалып, терезеден құлап кеткен. Қазір баланың жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады Астана ІІД.

Бұдан басқа, 7 тоқ соғу фактісі тіркелді (1 бала қаза тапты), төртеуі пештің ақауына байланысты газбен уланған, екеуі өрт фактісі, оның бірінде екі кішкентай бала қаза тапты. Баланы бесікте қараусыз қалдырып кеткеннен 3 жаңа туылған нәресте өлімі тіркелді. Бір жағдайда анасы ұйықтап қалып, баласы бастырылып қалған. 2 факті бойынша балалар суға кетіп қайтыс болған.

48 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның біреуінде бала қаза тауып, 47 бала түрлі дене жарақаттарын алған.