Астанада жыл басынан бері 11 мыңға жуық жүргінші жол-көлік ережесін бұзған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл басынан бері жол-көлік оқиғасын бұзғаны үшін 11 мыңға жуық жүргіншіге айыппұл салынды, деп хабарлады қаланың ІІД.
Әкімшілік полицияның деректеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы 5 айда елордада көлік жүргізушілері жүргіншілерді қағып кеткен 120 жағдай тіркелсе, 58 оқиғада жаяу жүргіншілер жолдың тыйым салған бөлігін кесіп өткен.
«Жыл басынан бері жүруге тыйым салған жол бөлігінен өткен 11 мыңға жуық жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл көлемі 108 млн. теңгені құрайды», - делінген хабарламада.
Күн сайын Астана қалалық ІІД жол-патрульдік полициясы инспекторы орта есеппен алғанда жолқозғалысы ережелерін бұзған 50-60 жүргіншілерді анықтайды.
Жүргізушілер жүргіншілер жолынан және жүргіншілер көлік жолынан өткен кездегі ережелерін бұушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Жүргіншілердің қауіпсіздік күні» алдын алу шарасы өткізілуде.