Астанада жыл соңына дейін 30 жеке меншік балабақша ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл соңына дейін 30 жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекеме ашылады. Бұл туралы «Білімді ел - мәңгі ел» тақырыбында өткен білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.
None
None

Болжамдарға сәйкес, 2019 жылға қарай Астанада 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны шамамен 65 мыңға жетеді. Кішкентай елордалықтарды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту үшін қосымша 26 мыңға жуық орын ашу керек. Осы мақсатта мемлекеттік және жеке меншікті 200-ден астам нысан ашу жоспарланған, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«2016 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысының құны бір бала үшін 15 900 теңгеден 23 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте ата-аналар 23 000 теңгенің орнына 20 800 теңге төлейтін болды. Осылайша, ата-аналарға түсетін жүктеме азайтылды, мемлекеттік және жеке меншікті балабақшаны таңдау кезінде балама пайда болды және қызметтер құны теңесті, - деді Ә. Исекешев.

Жеке меншікті балабақшалар санын мемлекеттік-жеке меншік серіктестік және қалада балабақшалар ашуға ниетті кәсіпкерлерге жағдай жасау арқылы арттыруға болады.

Соңғы жаңалықтар