Астанада «Жылдың студенттік аруы - 2011» V қалалық байқауы өтті

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанада «Жылдың студенттік аруы - 2011» V қалалық байқауы өтті.
None
None

Елорданың Цирк ғимаратында өткен сұлулар байқауы биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып, «Егемендіктің құрдастары - Тәуелсіздіктің болашағы» ұранымен өтті. Ұйымдастырушы - «М-Арт» шығармашылық бірлестігі.

Астананың ең сұлу студенті атағын иелену үшін 38 бойжеткен бақ таластырды.

Байқау 4 кезеңнен тұрды. «Өрнек» кезеңінде қыздар жұртшылыққа өз-өздерін таныстырса, «Тұздық» кезеңінде олар хореографиялық дайындықтары бойынша сынға түсті. Бойжеткендер қара киімдер киіп, би ырғағымен ерекше қимылдар жасай отырып өз икемділіктерін көрсетті.

конкурс красоты Үшінші - «Египет» сайысында ежелгі египеттіктердің киімдерін киген қыздар әдемі жүру мәнерін көрсетті. Соңғы - «Комильфо» кезеңінде көз жауын аларлық кешкі киім үлгілері келушілерді сән әлеміне елтітті.

Нәтижесінде «Жылдың студенттік аруы - 2011» байқауының Бас жүлдесін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші курс студенті Қарлығаш Батталова жеңіп алды.

Байқауда С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың абыройын барлығы 12 бойжеткен қорғады және жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Мәселен, үшінші вице-мисс атағы да осы оқу орнының 1 курс студенті Жәмила Тоқашеваға бұйырды. Сондай-ақ бірінші курс студенттері Айдана Бақылова мен Альмира Исиналар сәйкесінше «Мисс style» және «Айсұлу Өрнек» атақтарын иеленді.

Соңғы жаңалықтар