Астанада жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 2826 өтініш қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, осы күнге дейін Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 2826 өтініш қабылданған, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі қалалық Қаржы басқармасына сілтеме жасай отырып.
None
None

Атап айтқанда, «Алматы» ауданы бойынша 1287 өтініш, «Есіл» ауданында 461, ал «Сарыарқа» ауданында 1 078 өтініш қабылданған. Тіркелген өтініштердің жалпы көлемінен арнайы комиссия 2015 жылғы 21 шілдеге дейінгі аралықта 1105 өтінішті қарады, соның нәтижесінде жалпы сомасы 12 244 268,4 мың теңгені құрайтын 2 570 нысан заңдастырылды. Соның ішінде, 1316 - тұрғын нысаны, 1249 - тұрғын емес нысан, 78 - коммерциялық нысан және 5 - заңды тұлғаларға тиесілі нысандар болып табылады. Еске сала кетейік, мүлікті заңдастыру 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар