Астанада зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық акциясын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы .
Іс-шараның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар халық арасында түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Аталған акция аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі, БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен, сондай-ақ жалпы әйел азаматтардың құқығын, еркіндігін, заңды ықыластарын қорғауға ынталы, мүдделі тиісті органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
«Полиция әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де, күш көрсетулердің құрбандарымен де бірлесіп әрекет ететін ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт болып табылады», - деді ЖПҚ бастығы Бақытжан Малыбаев.
Іс-шараның қортындысында ҮЕҰ мен жергілікті полиция қызметі алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс жасау туралы меморандумға қол қойды және бірқатар мемлекеттік органдардың жетекшілері мен үкіметтік емес ұйымдарға алғыс хаттар табыс етті.
Дөңгелек үстелді студенттердің қызғылт түсті шарлармен, біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз атты флеш-мобы аяқтады