Астанадағы 13 коммуналдық компания 156,6 млн теңгені негізсіз тапқан

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысы Жандос Салимов коммуналдық қызмет саласындағы тариф-сметалық-инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.

Инфляция 10-11% шегінде: коммуналдық қызметтерге тарифтер тұрақты болып қалады
Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті

- 2024 жылы тариф-сметалы-инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау кезінде 13 субъект шығыс баптарын сметалық тарифке сай орындамағаны белгілі болды. Ал бір субъект инвестициялық бағдарламаның шарасын орындамаған, - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, аталған 13 компания астаналықтарға су мен жылу, электр қуатын жеткізіп отыр.

- Осы 13 субъектіге Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша 156,6 млн теңге мөлшерінде негізсіз кіріс алғаны үшін уақытша өтеу тарифі енгізілді. Бұл субъектілер сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, кіреберіс жолдарына қызмет көрсету, электр қуатын беру салаларында орын алған. Осыны негізге алып, Астана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департамент әкімшілік айыппұл өндіру бағытында жұмыс атқарды.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бері «Астана-Теплотранзит» АҚ-ға жылу энергиясын беру қызметі бойынша тариф төмендетілді, - деді ол.

Жандос Салимов бұл айыппұлдар бюджетке кіріс ретінде түсетінін еске салды.

Бұған дейін Энергетика министрлігі тарифтерді басқаратын цифрлық сервисті іске қосқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар